Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Каирде (Мысыр) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды анықтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Мысыр астанасында еліміздің намысын Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Ілияс Әзізов, Асан Салимов және Алтынхан Темірбек қорғайды.
Әлем кубогының кезеңі 3-6 сәуір аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұлттық құрамамыз бір медаль жеңіп алған болатын. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов екінші орын алды.